• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 15 Шілде, 2021

Синоптиктер ертең ауа райы қандай болатынын хабарлады

400 рет
көрсетілді

Қазгидромет ауа райына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

16 шілдеде Ақмола облысында түнде және таңертен кей жерлерінде тұман күтіледі. Күндіз кей жерлерде найзағай жарқылдайды.

16 шілдеде Атырау облысында 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Күндіз 16 шілдеде Қарағанды облысының оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей желерінде күші 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, түнде кей жерлерінде туман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

16 шілдеде Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады.

15-17 шілде Алматы облысында да оның ішінде Іле Алатауы, Жетысу Алатауында өткінші жаңбыр, 16 шілде тәулік бойы жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр. Кей жерлерде найзағай, бұршақ. Батыс, солтүстік-батыс желі, найзағай кезінде 15 м/с. Қырғыз Алатауы: кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ, шаңды дауыл. Солтүстік-шығыс желі, 15-16 шілдеде найзағай кезінде екпіні 15-20, күндіз 17 шілдеде кей жерлерде 15-20 м/с. Батыс Алтай: 15 шілде тәулік бойы, күндіз 16 шілдеде кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі.