• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Шілде, 2021

Алматыда «Қайырымды істер марафоны» аясында 800-ден астам іс-шара өтеді

154 рет
көрсетілді

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы жүзеге асуда. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Ренат Бекбергенов осы орайда жүзеге асқан және алда жоспарланып отырған іс-шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биылғы жылы «Қайырымды істер марафоны»аясында республикалық және қалалық деңгейде барлығы 953 іс-шара жоспарланса, оның 2-і республикалық, 436-ы қалалық, 549-ы аудандық деңгейде өтеді. Ренат Бекбергеновтың айтуынша, қаладағы іс-шара республиканың 30 жылдық кезеңіндегі жетістіктеріне және әр айдың тақырыптық желілеріне сілтеме жасай отырып өткізіліп, атаулы күндер мен мерекелерге арналады.Мысалы, маусым айында Алматыда мемлекеттік рәміздер күніне, медицина қызметкерлері күніне және полиция күніне арналған 70-тен астам түрлі форматтағы іс-шаралар өтіп, тұрғын үй терезелеріне жалаулар қойылып, әнұран бір мезгілде орындалған.Адам көп жиналатын аумақтаржа мемлекеттік ту таратылып, жалаулары бар автокөліктер мен мотожарыстар өтсе, шілде айында астана күніне арналған онлайн және оффлайн форматтағы іс-шаралар өтті.

«Қалада жүзеге асқан маңызды оқиғалар қатарында25 өнеркәсіптік және әлеуметтік-мәдени нысандар пайдалануға берілгендігін, оның ішінде Қазақстан-Швейцария туризм және қонақ үй бизнесі институты, «Ads Industries» фармзауыты, «Терренкур» жаяу жүргіншілер аймағы, жаңа балабақша мен мектептер ашылғанын атап өткенРенат Бекбергенов екінші жартыжылдықта қалаәкімдігі «Қайырымды істер марафоны» аясында 800-ден астам іс-шара өткізуді жоспарлап отырғандығын жеткізді. Оның айтуынша, тамыз айының соңы мен қыркүйек айының басында педагог қызметкерлердің тамыз конференциясын, Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған ауқымды іс-шараларды өткізу жоспарланған. Сондай-ақ Алматыда «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында бірыңғай қалалық сынып сағаты мен ашық сабақтар өтеді. Сонымен қатар Ыбырай Алтынсаринге ескерткіш пен 13 жаңа білім беру нысанын ашу жоспарлануда.

Қалада жыл соңына дейін тұрғындарды көптеген қызықты оқиғалар күтіп тұр. Мысалы, қараша айында индустриялық-инновациялық және әлеуметтік нысандарды іске қосу, «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» республикалық форумы және «Creative jastar» инновациялық жобалар байқауы сияқты көптеген іс-шара өтеді. Желтоқсан айында қалада тұңғыш Президент күніне арналған іс-шаралар, «Тәуелсіздік шежіресі» тақырыптық көрмелері, ғылыми-практикалық конференциялар жоспарланған. Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған атаулы күнге ерекше назар аударылды. Атаулы күн қарсаңында қайырымдылық іс-шаралары өткізіліп, мұқтаж жандарға қажетті қолдау шаралары көрсетіледі.

«Қайырымды істер марафоны» республикалық жобасы аясында 396 түрлі форматтағы іс-шаралар жүзеге асады. Жобаның арқасында мұқтаж отбасыларға азық-түлік жиынтығы түрінде материалдық қолдау көрсетіледі, тұрғын үйді жөндеуге мүмкіндік береді. Барлығы 22 мыңға жуық алматылық қолдау алды. «Қайырымды істер марафонына» Алматы кәсіпкерлері белсене қатысуда. Осы жайында айтып өткен Алматы қаласы «Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің өкілдігі төрағасының орынбасары Долкунтай Абдухалилдың мәліметтері бойынша, мысалы, «Metal Prom Group»компаниялар тобы өткен жылы қайырымдылыққа 105 млн. теңге жұмсап, жалпы алғанда, соңғы үш жылда мұқтаж жандарға 450 млн. теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсеткен. Кәсіпорынның мақсаты – адалдық, еңбексүйгіштік, сапа, мемлекетке және адамдарға пайда әкелу. Кәсіпорын қоғамдағы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге көмектесуге дайын. Д. Абдухалилдың айтуынша, барлық кәсіпкерлер үшін қайырымдылық шарасы кәсіптің әлеуметтік жауапкершілігінің бастыкөрінісі.