• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Шілде, 2021

Димаш «Славян базарының» ашылу салтанатында өнер көрсетті

354 рет
көрсетілді

«Витебскідегі Славян базары» XXX халықаралық өнер фестивалінің ашылуы қаланың басты алаңы – жазғы амфитеатрда өтті. Осы мәдени шарада Димаш Құдайберген «Любовь похожая на сон» және «Be With Me» әндерін жанды дауыста орындап көрермендерді қуантты, деп хабарлайды Egemen.kz dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Мерейтойлық фестивальді Беларусь Президенті Александр Лукашенко ашты.

«Бүгінгі Витебскідегі фестиваль – бұл кәсіби вокалдық шеберліктің беделді халықаралық байқауы… бұл сахна Таисия Повалий, Руслана, Петр Елфимов, Алена Ланская, Димаш Құдайберген және басқа да көптеген танымал әртістердің жарқын мансабына бастау болды», деп атап өтті президент.

Әлемнің түрлі елдерінің танымал әртістері мен ұжымдары ауқымды халықаралық іс-шараға қатысты. Қонақжай амфитеатр залы 7 мың қонақ қабылдады.

Концерт кезінде көрермендер әртістердің ұсынған түрлі стильдері мен жанрлардың керемет үйлесімін таңданыспен қабылдады: классикалық, халықтық, эстрадалық музыка Витебск сахнасында шырқалып, фестивальдің негізгі идеясы – шығармашылықтың шекарасы мен қашықтығы жоқ екенін көрсетті. Хореографиялық, цирк, спорт ұжымдарының өнер көрсетуі мерекенің серпінді атмосферасын жандандырды.