18 шілдедегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. 13 өңір - «қызыл», 4 өңір «сары» аймақта, деп жазады Egemen.kz.
«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.
Ал «сары» аймақта: Алматы, Жамбыл, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан.