74-ші Халықаралық Канн кинофестивалі 6 мен 17 шілде аралығында өтті.
Шоудың негізгі бөлімінің әділқазылар құрамына американдық режиссер Спайк Ли (төраға), француз режиссері Мати Диоп, француз-канадалық әнші Милен Фармер, америкалық актриса Мэгги Джилленхол, австриялық режиссер Джессика Хауснер, француз актрисасы Мелани Лоран, бразилиялық режиссер Клебер Мендонка Фильо, француз актері Тахар Рахим, сондай-ақ кореялық актер Сонг Кан Хо, деп хабарлайды фестивальдің баспасөз қызметі.
74-ші Канн кинофестивалінің жеңімпаздары:
Алтын пальма - «Титан» / «Titane» (Франция), режиссері Джулия Дюкорно;
Гран-при - «Қаһарман» (Иран), режиссері Асгар Фархади және «№6 купе» / «Compartment No.6» / «Hytti Nro 6» (Финляндия), режиссері Юхо Куосманен;
Қазылар алқасының сыйлығы - «Ахедтің тізесі» / «Ha'berech» / «Ahed’s Knee» (Израиль), режиссері Надав Лапид және «Естелік» / «Memoria» (Таиланд), режиссері Апичатпонг Вирасетакул;
Үздік режиссер - Леос Каракстің «Аннетт» фильмі/ «Annette» (Франция);
Үздік актер - «Нитрам» / «Nitram» (Австралия) фильміндегі рөлі үшін Калеб Лэндри Джонсқ берілді. Режиссері Джастин Курзель;
Үздік актриса - Рената Реинсве «Әлемдегі ең жаман адам»/ «The Worst Person in the World» фильміндегі ерекше образы үшін (Норвегия), режиссері Йоаким Триер;
Үздік сценарий - Рюсуко Хамагути мен Такамаса Онің «Менің көлігімнің рөлінде» фильмі / «Drive My Car» (Жапония), режиссері Рюсукэ Хамагути;
Үздік қысқаметражды фильм - «Tian Xia Wu Ya», режиссері Tang Yi
Үздік қысқаметражды фильм номинациясындағы қазылар жүлдесі - «Éu de Agosto», режиссері Jasmin Tenucci
Алтын камера (Caméra d'or) - «Murina», режиссері Antoneta Alamat KusijanovIic
ФИПРЕССИ сыйлығы: негізгі байқаудың үздік фильмі - «Менің көлігімнің рөлінде» / «Drive My Car» (Жапония), режиссері Рюсукэ Хамагути;
ФИПРЕССИ сыйлығы: ерекше көзқарас секциясындағы үздік фильм - «Un Monde» (Бельгия), режиссері Лаура Вандел;
ФИПРЕССИ сыйлығы: сыншылар мен режиссерлер сыйлығы - «Қауырсындар» / «Feathers» (Египет), режиссері Омар Эль Зохайри
Экуменикалық қазылар сыйлығы - «Менің көлігімнің рөлінде» / «Drive My Car» (Жапония), режиссері Рюсукэ Хамагути;
Экуменикалық қазылардың арнайы сыйлығы - «№6 купе» / «Compartment No.6» / «Hytti Nro 6» (Финляндия), режиссері Юхо Куосманен;
Үздік деректі фильм арнайы сыйлығы (L'oeil d'or) - «Бабий Яр. Контекст» (Украина), режиссері Сергей Лозница;
«Ерекше көзқарас» секциясы бойынша
Гран-при - «Unclenching the Fists» (Россия), режиссері Кира Коваленко;
Қазылар сыйлығы - «Great Freedom» (Австрия), режиссері Себастьян Майзе;
Қазылардың арнайы сыйлығы - «От түні» / «Noche De Fuego» (Мексика), режиссері Татьяна Уэсо;
Үздік актерлік құрамы үшін - «Bonne Mère» (Франция), режиссері Hafsia Herzi;
Ерекше батылдығы үшін - «La Civil» (Румыния, Бельгия), режиссері Teodora Ana Mihai (дебют);
Ерекше желісі үшін - «Қозы» / «Lamb» (Исландия), режиссері Valdimar Jóhannsson.