• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Шілде, 2021

Атырауда велосипед ұрлаған жігіт қамауға алынды

538 рет
көрсетілді

Атырауда бірнеше велосипед ұрлаған 26 жастағы жігіт оқшаулау изоляторына қамалды, деп жазады Egemen.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 12-16 шілдеде «Велосипед» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткен.

«Іс-шара кезінде Атырау қалалық полиция басқармасы №1 полиция бөлімінің жедел уәкілдері көпқабатты үйлердің кіреберісінен бірнеше мәрте велосипед ұрлаған 26 жастағы жігітті ұстады. Күдіктіден айғақ заттар тәркіленіп, 11 қылмыстық іс тіркелді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір 26 жастағы жігітке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігі, 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталды.