• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Коронавирус 19 Шілде, 2021

Алаяқтар жалған вакцина паспортын қалай сатады?

319 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте ведомствоның баспасөз қызметкері Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Ш.Тұрлыбектің айтуынша, көбіне мұндай интернет-жарнамаларда алаяқтар алдын ала төлем сұрайды.

«Алаяқтар өздеріне жүгінген адамға вакцинацияның бірінші дозасын алғаны туралы жалған хабарлама жібереді. Кейін екінші дозаны алғанын растайтын құжатты алу үшін алдын ала төлем талап етеді. Ақшаны алған соң  жоғалып кетеді. Талдау барысында мұндай алаяқтардың шетелдік банк картасын, виртуалды телефон номерін  пайдаланатыны анықталды. Алданған адамдар да құқық қорғау органдарына жүгінбейді, өйткені олар өздері де жалған құжат сатып алу арқылы заң бұзуға тырысты. Анықталған шетелдік ресурстарды ел аумағында бұғаттау туралы сұраныс уәкілетті органдарға жіберілді», деп түсіндірді баспасөз қызметінің өкілі.

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарды қылмыстық процеске араласпауға және жақындарын бұдан қорғауға шақырды.