• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 19 Шілде, 2021

Алматыда «қызыл» мәртебесі бар 65 адамға айыппұл салынды

240 рет
көрсетілді

Өкінішке орай, Алматыдағы эпидемиялық ахуал ушығып барады. Бұл вакциналанбағандар мен бұрын ауырмағандардың дельта штамын жұқтыруынан туындап жатқан жағдай. КВИ-дің одан әрі таралуын болдырмау жөніндегі қалалық штаб отырысында ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаланың Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметі бойынша, биыл Алматыда 65 878 адам індет жұқтырған. Өткен 2 аптада бұрыңғы 2 аптамен салыстырғанда КВИ дерті 2,6 есеге артқан, тәуліктік өсім 1%-дан астам. 1-18 шілде аралығында КВИ-дің 10 093 жағдайы тіркелді, бұл 10700 жағдайдың пессимистік болжамына сәйкес келуде.

Дерттің өсу себебі белгілі – 18 маусымнан бастап қалада «дельта» нұсқасы тарала бастады, ол өте жұқпалы әрі тез тарайды, клиникалық көріністері тым ауыр.

Соңғы 7 күнде «симптомды» пациенттердің үлес салмағы бұрынғы 7 күндегі 88%-дан 90%-ға дейін өсті, бұл өткен жылы эпидемияның бірінші толқыны кезінде COVID-19-дың ухань нұсқасының 50%-на қарсы.

Соңғы 2 аптадағы жас құрамын талдаубалалар мен жасөспірімдерде вирустың дельта нұсқасының тез жұғатынын көрсетті. 14 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы 1%-ға өсті және жоғары болып қалуда – 14%. 20 жастан 40 жасқа дейінгі азаматтардың дерт жұқтыруы төмендеді, 39%-дан 37,5%-ға дейін. 40-59 жастағы науқастардың үлес салмағы жоғары – 25%. Ал, 60 жастағы адамдар арасында жұқтырғандардың үлесі 1,1%-ға өскен.

Жұмыспен қамту бойынша соңғы 14 күнде КВИ өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында жоғары – 41%, түрлі ЖШС, ЖК, АҚ жұмысшылары арасында – 17%, зейнеткерлер арасында – 16,4%, мектеп оқушылары арасында – 9,2%, мектеп жасына дейінгі балалар арасында 6,4%, жалпы ауырғандар санының 90%-ы.

Соңғы 7 күнде КВИ жиі жұғатын жерлер: сауда нысандары – 40%, қоғамдық көлік – 20%, отбасылық байланыс – 19%, базарлар – 16%.

Алматыда 2282 қатысушы Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейді. 9-14 шілде аралығында нысандарда QR-кодын (тіркеу) пайдаланып келушілерді тіркеудің минималды санын жүргізбеген фактілер анықталмады. 100 қатысушы – Ashyq жобасының көшбасшылары. 26 сәуір мен 14 шілде аралығында 211 жауапсыз қатысушы жобадан шығарылды.

9-14 шілде аралығында Ashyq-та сканерлеу кезінде «қызыл» мәртебесі бар 31 адамға өзін-өзі оқшаулау режимін бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды. Жалпы алғанда, 28 сәуір мен 14 шілде аралығында өзін-өзі оқшаулау режимін бұзғаны үшін «қызыл» мәртебеге ие 65 адамға 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Тәртіп бұзушылар көбінесе қоғамдық тамақтану орындарына кіруге тырысады, мұнда 58 адамнан «қызыл» және 13 адамнан «сары» мәртебе анықталған. СОСО кіре берісінде 28 адамның «қызыл» және 110 адамның «сары» мәртебесі белгілі болды. «Қызыл» мәртебесі бар 9 адам Алматы Әуежайына өтпекші болды.

Сондықтан КВИ-дің одан әрі таралуын болдырмау жөніндегі қалалық штаб амбулаториялық емделіп жатқан қала тұрғындарын өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілік танытуға шақырады. Вирус жұқтырған адамдармен байланыста болған тұлғалар өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы және басқа адамдарға жұқтырмас үшін адамдар көп жиналатын орындарға бармаулары тиіс.

 

 

 

АЛМАТЫ