Украина Президенті Владимир Зеленский жұмыс сапарымен Грузияның Батуми қаласына келді, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігі тарақтан ақпаратқа сілтеме жасап.
Батуми халықаралық әуежайында Зеленскийді Грузия сыртқы істер министрінің орынбасары Лаша Дарсалия мен Аджария Премьер-министрі Торнике Рижвадзе қарсы алды.
Зеленскийді басты мақсаты – Украина, Грузия және Молдованың «Үштік қауымдастығы» форматындағы іс-шаралар мен мемлекет басшылары деңгейінде өтетін Халықаралық конференцияға қатысу. Үш елдің көшбасшылары саммиттің бірлескен декларациясына қол қояды.
Форум аясында Зеленский Грузия мен Молдовадағы әріптестері - Саломе Зурабишвили және Майа Сандумен, сондай-ақ Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельмен келіссөздер жүргізеді.