• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Шілде, 2021

Атырауда Құрбан айт күні вакцина алуға болады

304 рет
көрсетілді

Атырау облысында Құрбан айт күні де вакциналау бекеттері жұмыс істейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтың айтуынша,  ақпан айынан бері коронавирусқа қарсы вакциналардың I компонентіне арналған 141 200 доза әкелінген. Осы кезге дейін тұрғындар оның 128 376 дозасын немесе 91%-ын салдырған.

Вакциналардың кезекті партиясы 22 шілдеде жеткізіледі деп күтіліп отыр.

«Өңірдегі эпидемиялық жағдай тұрақсыз болып тұр. Сондықтан барлық егу бекеттері  демалыссыз және мереке күндері де жұмыс істейді. Өйткені, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін өңір тұрғындарының шамамен 60%-ы вакцина алуы керек», дейді Асхан Байдуәлиев.

Оның мәліметінше, қазір облыста 41 егу бекеті жұмыс істейді. Оның ішінде 10  жылжымалы бекет бар.