Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу министрі Виктор Назаренконың төрағалығымен өткен ЕАЭО мемлекеттерінің бейінді уәкілетті органдары басшыларының кеңесінде Еуразиялық экономикалық одақтағы ветеринариялық дәрілік заттар айналымын реттеу қағидаларының жобасы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz ЕЭК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазір, он жыл бұрынғы шешімге сәйкес, ветеринарлық дәрілік препараттарды тіркеу біздің Одақ мемлекеттерінің ұлттық заңнамалары бойынша жүзеге асырылады. Мұндай тіркеудің нәтижелерін басқа мүше мемлекеттер өзара мойындайды. Бұл ЕАЭО кедендік аумағында ветеринарлық дәрілік препараттардың айналымына құқық береді. Бірақ бұл норманы қолдану практикасы Одақтың ветеринариялық дәрілік заттар нарығына теріс әсер ететін бірқатар проблемалық мәселелерді анықтады», деп атап өтті Виктор Назаренко.
Бірқатар тұжырымдамалық уағдаластықтарға қол жеткізе отырып, ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдарының басшылары комиссия кеңесі шешімінің тиісті жобасының жекелеген ережелерінің редакциясы нақтыланатынын және жақын арада тараптардың сарапшыларымен келісілетінін атап өтті.