Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев пен Өзбекстан Республикасының Су шаруашылығы министрі Ш.Хамраевпен кездесуі барысында белгілі болды, деп жазады Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ташкент қаласында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиев пен Өзбекстан Республикасының Су шаруашылығы министрі Ш. Хамраев кездесті.
Тараптар Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысындағы су жағдайын жақсарту жөніндегі бірлескен шараларды талқылады.
Кездесу соңында Түркістан облысының Мақтаарал және Жетісай аудандарының фермерлері үшін «Достық» мемлекетаралық арнасы бойынша су жіберу көлемі 80-нен 90 м3/с дейін ұлғайтылды. Шардара су қоймасына келетін ағынды арттыру бойынша бірлескен шараларды жалғастыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Сонымен қатар екі ел Үкіметі арасындағы Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және пайдалану туралы Келісімнің жобасы талқыланып, жылдың соңына дейін келісу рәсімдерін аяқтауға ниетті екенін жеткізді.