Қазақстандықтар әлеуметтік желіде Қызылордада «педофил ұсталды» деген тақырыппен түсірілген видеоны таратып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қызылорда облысының полиция департаменті аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 124-бабы 1-бөлігі - «Кәмелетке толмағандарды жәбірлеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
«Қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деп күдікке ілінген адам анықталды. Қазіргі уақытта істің нақты мән-жайларын анықтау үшін тергеу-жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр», деп хабарлады полиция.
Тергеу мүддесіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу туралы ақпарат жария етуге жатпайды.
«Сотқа дейінгі тергеудің барысы Полиция басқармасы бастығының бақылауында», деп қорытындылады тәртіп сақшылары.
Естеріңізде болса, 21 шілде күні 5 жасар қызды қорламақ болған ер адамның әрекеті жайында хабарлаған едік.