• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 23 Шілде, 2021

Карантиндегі бизнес

278 рет
көрсетілді

Қазіргі таңда кәсіпкерлерге Ashyq жүйесін пайдалану міндет. Жақында «Атамекен» ҰКП осы жүйемен жұмыс істейтін бизнесмендерді мемлекет қолдау керектігін айтып, Мемлекет басшысына ұсыныспен шыққан еді.

«Атамекен» Ұлттық кәсіп­керлер палатасы жақында Үкі­метке бизнестің қатаң каран­тиндегі жұмыс алгоритмін ұсын­ған еді. Кейін Мемлекет бас­шы­­сының қатысуымен өткен кеңейтілген кеңесте Ұлттық па­ла­таның бірқатар ұсынысы қабыл­данған болатын.

Жалпы Палата Ashyq жобасы арқылы анықталып жатқан фактілердің азаймай отырғанын айтып келеді. Олардың мәліметінше, бүгінге дейін Ashyq-қа 18 014 нысан қосылған.  Жоба аясында адал қызмет атқармай отырған, яғни келушілердің мәртебесін тексермей өткізген 1588 бизнес субъекті жобадан алынып тасталған. Әрине, қазіргідей пандемия кезінде бұл –  бизнес өкілдеріне айтарлықтай соққы. Өйткені Бас санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша, тек жүйеге қосылған кәсіпкерлік нысандары ғана жұмысын әрі қарай жалғастыра алады. Сондықтан ҰКП кәсіпкерлерге Ashyq жоба­сының тиімділігін күнделікті түсін­діріп, бизнесті адал атқаруға шақырып келеді.

Сырттай қарағанда Ashyq жүйесіне тіркелу оңай сияқты көрінеді. Бағамдасақ, кәсіпкерлік нысандарын жүйеге қосу ұзаққа созылатын, бюрократиялық кедер­­гілерге әкелетін процесс көрі­неді. Мұны бастан кешкен кей­бір кәсіпкер Палатаға жеткізіп, мәселені шешіп беруді сұраған екен. Осыдан кейін «Атамекен» бас­шылығы Мемлекет басшы­сына шығып, бизнес субъек­тілерін Ashyq жобасын пайдалана­тындардың қатарына қосу талаптарын оңайлатуды сұраған.

«Атамекен» ҰКП ұсыныс­тарын Мем­лекет басшысы назардан тыс қалдырмады. «Бұл жүйенің операторы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болғанына қарамастан, объек­тілерді тізімге қосу талаптарын оңайлатуды қайта қарау қажет. Мемлекет Ashyq және өзге де цифрлы құралдарды пайдаланатын бизнес нысандарын қолдауға тиіс. Екінші жағынан, мұндай мониторинг шараларын елемейтін кәсіпкерлерді қатаң жазалау керек. Бұл мәселе әкімдердің ерекше бақылауында болуы керек. Сонымен қатар соңғы уақытта вирус жұқтырғандармен байланыста болғандар, яғни қоғамдық орындарға баратын «қызыл» және «сары» мәртебесі бар адамдар саны артып жатыр», деген еді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы вирусқа қарсы жаппай иммунитет қалып­тастыруға кәсіпкерлер де бел­сенді атсалысу керектігін ескертті. «Вакциналау мәселесінде отандық бизнестің ымырашылдық ұстанымы өте маңызды. Өйткені ұжымдық иммунитетке қол жет­кізбестей бизнеске қойылған санитарлық шектеу шараларын толығымен алып тастау мүмкін емес. Біз барлық құрал, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы вакцинаның маңызын айтып, елдің санасына сенім ұялата білуіміз керек. Батыстың кейбір дамыған елінде сендіру әдістері мәжбүрлеу шараларына ауысты. Тек ірі еңбек ұжымдарының қызметімен байланысты ерекше жағдайларды қоспағанда, біз мұндай шараларды қабылдамаймыз», деді Президент.