Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше, 22 шілдеде қатты желден Қарабау орта мектебінің шатыры бүлінген, деп жазады Egemen.kz.
«Кеше желдің ұйытқуы секундына 20-23 метрге жетті. Қатты желдің салдарынан сағат 16:39 шамасында Қызылқоға ауданының Қарабау ауылындағы орта мектептің шатыры ұшып кетті. Бүлінген аумақтың жалпы ауданы 100 шаршы метрді құрады», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Бұл мектеп 1978 жылы салынған. Мектепке 2019 жылы күрделі жөндеу жүргізілген.