• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Сайлау 23 Шілде, 2021

Президент сайлауы өтетін күн нақтыланды

330 рет
көрсетілді

Бүгін, 23 шілдеде Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Өзбекстан Республикасы Президентін сайлау науқаны басталды, деп хабарлайды Egemen.kz ӨзА-ға сілтеме жасап.

Іс-шараға саяси партиялардың жетекшілері, азаматтық қоғам институттары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Орталық сайлау комиссиясы Өзбекстан Республикасы Президентін сайлау күні ретінде 2021 жылғы 24 қазанда белгіледі. Сайлау науқаны 23 шілдеде басталады деп жарияланды.

Президент сайлауы Өзбекстан Республикасы Конституциясының 117-бабына өзгерістер енгізуінене байланысты, ағымдағы жылдың қазан айында өткізіледі.

Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Зайниддин Низамходжаев Президент сайлауы жаңартылған ұлттық сайлау заңнамасына, жалпыға танылған халықаралық стандарттарға, демократиялық принциптерге, ашықтық пен жариялылыққа сәйкес өтетінін атап өтті.