Алматыда 80 тұрғынға 14 күндік үй карантинін бұзғаны үшін 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды, деп жазады Egemen.kz.
Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәлімдеуінше, COVID-19-ға оң ПТР тесті берілген қала тұрғындары қоғамдық орындарды аралап, «ASHYQ»-пен жұмыс істейтін халыққа қызмет көрсету орталығы, мейрамхана, фитнес-орталықтар, әуежай және басқа да нысандарға кіруге тырысқан.
Олардың қатарында банк, университет, сауда, мейрамхана, білім беру ұйымдары, байланыс, зейнетақы қорлары және басқа да мекемелердің қызметкерлері бар. Олардың тізімі департаменттің ресми сайтында жарияланды.
«Сондықтан амбулаториялық емделіп жатқан қала тұрғындарын өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілік танытуға шақырамыз. Вирус жұқтырған адамдармен байланыста болған тұлғалар өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы және басқа адамдарға жұқтырмас үшін адамдар көп жиналатын орындарға бармаулары тиіс», деп жазады департамент.