Токио Олимпиадасында 100 метрге брасс әдісімен жүзуден сынға түскен Дмитрий Баландин жартылай финалға шыға алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бесінші топта жарысқан Дмитрий 59,75 секундты көрсетіп, алтыншы орын алды. Ал қорытынды хаттамада Баландин 17-ші сатыға тұрақтады.
100 метрге брасс әдісімен жүзуден әзірге америкалық Майкл Эндрю үздік нәтиже көрсетті. Екінші орында - англиялық Джеймс Уилби, үшінші орында - германиялық Лукас Матцерат.