• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 24 Шілде, 2021

ҚР Президентінің Арнайы өкілі Лондонға іс-сапармен барды

366 рет
көрсетілді

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық әріптестікті дәйекті түрде нығайтуға деген өзара ұмтылыс ҚР Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыханның Лондонға сапары барысында расталды, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

22-23 шілдеде өткен сапар шеңберінде Ержан Қазыхан Ұлыбритания Премьер-Министрінің Қазақстандағы сауда өкілі баронесса Эмма Николсонмен, БҰҰ климаттың өзгеруі жөніндегі 26-шы конференциясының (СОР26) мәселелері жайында Орталық Азия бойынша өңірлік елшісі Дэвид Моранмен, Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі жалпыпартиялық парламенттік топтың төрағасы Боб Стюартпен, Шығыс Еуропа және Орталық Азия істері жөніндегі Форин-офисінің басшылығымен, сондай-ақ Біріккен Корольдік Парламентінің Қауымдар палатасы мен Лордтар палатасының бірқатар депутаттарымен кездесулер өткізді.

Кездесу шеңберінде екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, сондай-ақ алдағы сапарлар, қазақстандық делегацияның Британдық Глазгодағы БҰҰ СОР26 негізгі климаттық саммитіне қатысуы, Қазақстан-Британ стратегиялық диалогының, Іскерлік кеңесінің және сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның кезекті отырыстары талқыланды.

Ерлан Қазыхан Британдық серіктестерді Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық реформалар бағдарламасының қазіргі даму барысымен және стратегиялық бағытымен таныстырды.

Қазақстандық дипломат ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Отандық дипломат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, еліміздегі жаңғырту өзгерістерін одан әрі жүзеге асыру бағытынан таймайтынын ерекше атап өтті.

Британдық әріптестер ҚР басшылығының реформалар бағдарламасын жалғастыру және тереңдету жөніндегі жоспарларын құптап, Ұлыбританияның Қазақстанмен стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға дайын екенін растады.

Британдық тарап ағылшын құқығының қағидаттары мен нормаларына сәйкес әрекет ететін «Астана» Халықаралық қаржы орталығының табысты дамуы екі мемлекет арасындағы тиімді ынтымақтастықтың маңызды жетістіктерінің бірі болғанын тілге тиек етті.

Кездесу соңында тараптар талқыланған мәселелердің ауқымды кешені бойынша өзара түсіністікке қол жеткізіп, сауда және инвестициялар, «жасыл» энергетика мен климаттық өзгерістерге қарсы күресу, екіжақты қатынастардың барлық спектрі бойынша ұзақ мерзімді серіктестікті одан әрі нығайтуға ниеттерін білдірді.