Қазақстан мен Тәжікстан Қорғаныс министрлері тәжік-ауған шекарасындағы жағдайларды талқыладые деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Әңгіме барысында ҚР Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев пен Тәжікстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Шерали Мирзо тәжік-ауған шекарасы ауданындағы жағдайды және Қазақстанның Тәжікстанға қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін көмек көрсету мәселелерін талқылады», деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Қорғаныс ведомстволарының басшылары Душанбеде өтетін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлерінің кеңесіне байланысты мәселелерді де қозғады.