• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Сайлау 26 Шілде, 2021

Ел өміріндегі елеулі кезең

210 рет
көрсетілді

Ауыл әкімдерін сайлауды қазақ қоғамындағы демо­кра­тия­лық жаңғырудың маңызды қа­дамы ретінде бағалау қажет. Тәуелсіздік алған 30 жылдың ішінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен алғаш рет ауыл әкімдерін сайлау тұрғындардың тікелей дауыс беруімен өтті. Бұрын елімізде мұндай сайлау болған емес.

Жаңа­шылдыққа жол ашқан жаңа үр­діске біз де үлесімізді қосуды көз­­дедік. Біздің мақ­сатымыз – сай­лау­дың ашық, әділ өтуін қа­дағалау.

Атырау қаласы мен алты аудан­дағы 18 ауылдық округтің әкімі лауазымы үшін 52 үміткер додаға түсті. Әкім сайлауы 36 сай­лау учаскесінде өтті. Қо­ғам­дық бірлестіктің 150-ге жуық бай­қаушысы сайлау учас­келеріне таңғы сағат 6:00-ден бастап барды. Сайлау үдерісін қадағалау кезінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заң талабын бұзушылық тіркелген жоқ.

Сайлау учаскелерінде дауыс беру санитарлық нормаларға сәйкес ұйымдастырылды. Ауыл тұрғындарының бұл сайлауға қызығушылық танытып, бел­сенділікпен дауыс бергенінен билік пен бұқара арасындағы байланыстың нығаятынын бай­қадық. Әр тұрғын дауыс беруге келіп, өз таңдауын жасады. Осылайша, сайлаушылар еліміз­дің демократиялық жолмен  өркен­деуіне үлесін қосты.

Ал ауыл әкімдері туралы ай­­­­татын болсақ, енді олар өз мін­детіне жауапкершілікпен қарай­тын болады. Өйткені әкім ауыл тұр­ғындарының көп дауы­сын жинау үшін сайлауалды бағдар­ламасын ұсынды. Сай­лаушылардың сенімін ақт­ауға тырысатын әкім өзі ұсын­ған бағдар­ламаның нақты іске асуына мүдделік танытады. 

 

Дәурен СЕЙІТҚАЛИЕВ,

«Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының жетекшісі

 

Атырау облысы