• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Сайлау 26 Шілде, 2021

Бәрі алғашқы қадамнан басталады

239 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған саяси реформалар заң жүзінде бекітіліп, іс жүзіне аса бастады. Елімізде өткен ауыл әкімдерін сайлау – соның айғағы.

Алдын ала мәліметтер бойынша Алматы облысында сайлаушылардың жалпы санының  61 пайызы науқанға қатысты  немесе 135063 адам дауыс берді деп айта аламыз. Яғни Алматы облысының кейбір ауданының тұрғындары осы сайлауда да жоғары белсенділік танытты. Мысалы, Балқаш ауданы бойынша 6 округ әкімдігіне сайлау өтті. Бұл округтерде сайлаушылар белсенділік танытып, сағат 16.00-ге дейін  сайлаушылардың 90 пайызы немесе  4691адам дауыс берді. Сондай-ақ Алакөл ауданы бо­йынша сайлау өтіп жатқан 8 округ бойынша 87 пайыз, Кеген ауданындағы 5 округ бойынша 84 пайыз, Сарқан ауданындағы 3 округ бойынша 83 пайыз, Ақсу ауданы 9 округ,Ұйғыр ауданы 6 округ 80 пайыз сайлаушылар дауысын жинады.

Әрине, үрдіс барысында дау туып, заң бұзу болмады. Өйткені  сайлаудың бағыты анық. Ауыл тұрғындары өз ауылының азаматтарын, яғни әкім болудан үмкіткер кандидаттарын жақсы таниды. Сондықтан бұра тарту деген болмайтыны алдын ала білінген. Бәсекелестік те байқалды. Жалпы, алғашқы ауыл әкімдерін сайлау мамыражай қалыпта өтті.

 

Айнагүл Демкенова,

тәуелсіз байқаушы, аймақтағы коммерциялық емес күштердің «Тамшыбұлақ» қоғамдық бірлестігі тобының басшысы, Ұлттық байқаушылар лигасының мүшесі

 

Алматы облысы