• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Экология 26 Шілде, 2021

Миллиард ағашты қадағалайтын карта

362 рет
көрсетілді

Елімізде 2 млрд ағаш отырғызу мақсатында жасалып жатқан жұмысты бақылау үшін интерактивті карта әзірленіп жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында 2 млрд ағаш отырғызуды қамтамасыз етуді және осы жұмыс­тардың орындалу барысын бақылау үшін интерактивті карта әзірлеуді тапсырған болатын. Осы тапсырманы іске асыру мақсатында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп мәселені пысықтады.

«Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясы» АҚ ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дү­ниесі комитетінің «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» РМҚК тапсырысы бойынша 2 млрд ағаш отырғызу жұмыс барысын мониторингтеу үшін интерактивті картасын әзірлеуде.

Жерді қашықтықтан зондтау не­гізін­дегі интерактивті карта халыққа мобиль­ді нұсқада да қолжетімді болады деп жоспарлануда. Барлық мүд­делі тұлғалар, қоғамдық ұйымдар және еліміздің әрбір азаматы осы жұмыс­ты қадағалап, өз ұсыныстары мен ескер­ту­лерін уәкілетті органға жолдай алады.

 

«Егемен-ақпарат»