• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Шілде, 2021

Мүгедектігі бар адамдардың құқығы қай салада жиі бұзылады?

371 рет
көрсетілді

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР Еңбекмині Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің өңірлік департаменттері әлеуметтік инфрақұрылымдарға тексеру жүргізді. Нәтижесінде 379 нысанның ҚР «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» заңдарын 1918 рет бұзғаны анықталды, деп жазады Egemen.kz министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Бірінші жартыжылдықта мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, мәдениет және көліктік қызмет көрсету нысандарында мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны қамтамасыз ету тұрғысынан 469 бақылау іс-шарасы өткізілді. Оның ішінде 312 тексеріс жоспарлы алдын алу-бақылау аясында және 157-сі азаматтардың өтініші негізінде жоспардан тыс жүргізілді.

Нәтижесінде ҚР «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңының - 1603 рет және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» заңының 315 рет бұзылғаны анықталды.

1,5 мыңнан астам заңбұзушылық мүгедектердің әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарына, мәдени-ойын-сауық ұйымдары мен спорт ғимараттарына кіріп-шығуын қамтамасыз етпеумен байланысты орын алған.

Анықталған заңбұзушылықтарды жоюға 379 нұсқама берілді, олардың 71-і бойынша жалпы сомасы 7,4 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.