Бұл туралы ІІМ апталық брифингінде министрліктің баспасөз өкілі Шұғыла Тұрлыбек хабарлады, деп жазады Egemen.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы жарлыққа қол қойды.
«Жарлыққа сәйкес, ІІМ тергеу изоляторлары мен қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарды медициналық қамтамасыз ету саласындағы мемлкеттік саясатты үйлестіру жөніндегі функциялар мен өкілеттіктер толығымен Денсаулық сақтау министрлігіне беріледі. Бұған дейін ІІМ кеңейтілген алқа отырысында Мемлекет басшысы отандық пенитенциарлық жүйенің жағдайын жақсарту қажеттігін айтқан болатын. Осыған байланысты ІІМ қылмыстық атқару жүйесінің барлық реформаларының негізгі басымдықтары бірінші кезекте адамдардың құқықтарын сақтау мен қорғауды, сотталғандардың жағдайын жақсартауды, пенитенциарлық инфрақұрылымды жаңғыртуды айқындады», деді баспасөз өкілі ІІМ апталық брифингінде.