Бүгін, 26 шілдеде, ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Зульфия Чиншанло Токио олимпиадасының қола медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спортшы 55 келіге дейінгі салмақта жетістікке жетті.
Жұлқа көтеруде Чиншанло ең жақсы мүмкіндігінде 90 келіні көтерді. Серпе көтеруде бірінші тәсіл саналмады. Оның алғашқы салмағы оған «қола» әкеледі.
Екінші тәсіл сәтті болып шықты - Зульфия жеңіс тұғырына көтерілді. Спортшы үшінші әрекетке бармауға шешім қабылдады. Екі сайыс бойынша 213 кило салмақты еңсерген қазақстандық атлет қола жүлдегер атанды.
Филиппиндік Хидилин Диас чемпион болды - 224 килограмм. Қытайлық атлет Ляо Цюн күміс алды - 223 килограмм.