• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Шілде, 2021

Ақмола облысында қызын бір миллион теңгеге сатқан ана ұсталды

469 рет
көрсетілді

Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша  бір жарым айлық қызын бір миллион теңгеге бағалаған әйел, оны баласы жоқ жұпқа сатып жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.

23 шілдеде Ақмола облысы полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері баланы сатып алу-сату фактісін анықтаған.

«Заңсыз мәміле туралы жедел ақпарат облыстық криминалдық полиция басқармасына келіп түсті. Олар өз отбасына бір жарым айлық қызды алған баласыз ерлі-зайыптыларды анықтап, іздестірді. Мәміле Ақмола облысының аумағында тұратын ерлі-зайыптылар мен бұрын ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі «Ұрлық» және ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған баланың 27 жастағы анасы арасында жүзеге асырылған», деп атап өтті ведомствода.

Жаңа туған нәрестенің анасына 1 млн теңге көлемінде ақша берілген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. ҚР ҚК 135-і бабы («Адам саудасы»), қылмыскердің мүлкін тәркілей отырып, жеті жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғарғы жазаны көздейді.