• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Шілде, 2021

Ұлытау ауданында 4000 гектар жерді өрт шарпыды

290 рет
көрсетілді

Өткен демалыс күндері Қарағанды облысының Ұлытау, Шет, Осакаров, Бұқар жырау аудандарында бір табиғи өрт және төрт дала жануы тіркелді. Жалпы аумағы 142 га құраған барлық дала өрті сөндірілді, деп жазыд Egemen.kz. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап saryarqanews.kz сайты хабарлады.

Өрт сөндірушілер Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы аумағы 4 000 га шамасында болатын табиғи өртті сөндіруді жалғастыруда. 

Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД, жергілікті атқарушы органдарының, орман шаруашылығының күштері мен құралымдары, өртке қарсы ерікті құрылымдары және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Олардың жалпы саны 229 адам мен 66 техника.

Елді мекендерге қауіп жоқ.