• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Шілде, 2021

Семейдегі бір университетте өрт шықты

219 рет
көрсетілді

ЖОО-да шыққан өтті сөндіруге 14 бірлік техника жұмылдырылды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Жалын 1987 жылы салынған, үш қабатты кітаханада шықты.

Шамамен 150 шаршы метр аумағын шарпыған өрт 8.05 сағатта оқшауланды.

Оқиға орнында 50-ден астам өрт сөндіруші жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіруге 14 бірлік техника жұмылдырылды.