Садақ атудан Қазақстан командасының мүшесі Денис Ганькин Токио Олимпиадасындағы екінші кездесуінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денис Ганькин бірінші кезеңде Египет спортшысы Юсуф Толбаны 6:4 есебімен ұтып, екінші айналымда италиялық Мауро Несполиден 2:6 есебімен жеңілді.
Осылайша, Ганькин үшін Олимпиада ойындары аяқталды. Енді Қазақстан сапынан Ильфат Абдуллин мен Санжар Мұсаев сынға түсетін болады.