Қазақстандық таеквондошылар Дениз Жансель мен Руслан Жапаров Олимпиаданың екінші айналымында жеңіліс тапты, деп жазады Egemen.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.
Әйелдер арасында 67 келіден жоғары салмақта сынға түскен Жансель ұлыбританиялық Бьянка Уолкденнен ұтылды. Есеп - 7:17.
Ерлер арасында 80 келіден жоғары салмақта бақ сынаған Руслан Жапаров Оңтүстік Корея өкіліне 2: 10 есебімен жол берді.
Егер қарсыластары финалға жетсе, Жапаров пен Дениздің қола медальға таласатын мүмкіндігі пайда болмақ.