• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 27 Шілде, 2021

Атлантадағы теракт

179 рет
көрсетілді

Осыдан дәл 25 жыл бұрын, нақтылап айтсақ 1996 жылдың 27 шілдесінде АҚШ-тың Атланта қаласындағы Олимпиадалық саябақта жарылыс болды.

Сол кездері Джорджия штатының орталығында XXVI жазғы ойындар дүркіреп тұрып өтіп жатты. Ал 27 шілдеде Олимпиада қозғалысының 100 жылдық мерейтойын атап өту үшін саң мың адам саябақта жиналды. Дәл сол кезде жарылыс болып, соның салдарынан екі адам көз жұмды. Тағы 111-і түрлі дене жарақаттарын алып, ауруханаға түсті. Егер сол маңдағы күзетшілерідің бірі  Ричард Джуэлла қырағылық танытпағанда жапа шеккендердің саны әлдеқайда көп болатын еді. Ол саябақтағы орындықтың бірінің астында күдікті затты байқағаны туралы полицияға хабарлайды. Оқиға орнына дереу жеткен арнайы мамандар халықтың біразын оқшауландырып үлгереді. Бірақ бомба бәрібір жарылады.

Құзырлы органдар алғашында күдіктілердің бірі ретінде Джуэлланы әбден тергеп, біраз жыл әуре-сарсаңға салады. Кейіннен ол ақталып шыққанымен, жоғарыдағы жағдай жазықсыз жазаланған жанның жүрегін қатты жаралайды. Онсыз да денсаулығы нашар Ричард 2007 жылдың 29 тамызында қайтыс болды. Ол небары 44 жаста еді... 

Ал қылмыскердің өзі 2003 жылы тұтқындалады. Оның аты-жөні – Эрик Роберт Рудольф. Тәртіп сақшыларының қолына түскенге дейін ол АҚШ-тың оңтүстік аймақтарында тағы үш жарылыс ұйымдастырып үлгереді. Қылмысы толықтай дәлелденгеннен кейін айтулы террорист өмір бойы темір торға тоғытылады.