Бокстан Қазақстан командасының тағы бір мүшесі үшін Токио Олимпиадасы соңына жетті. Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит Токио ойындарының бірінші айналымында сүрінді , деп хабарлайды Egemen.kz.
91 келіде бақ сынаған былғары қолғап шебері Левит Испания намысын қорғаған кубалық Эммануэль Рейеске қарсы шыққан болатын.
Кездесудің бірінші раунды 3:2 есебімен қарсылас пайдасына аяқталды. Ал екінші раундтың басында қарсыласының ауыр соққысын өткізіп алған Левитке төрешілер техникалық нокаут жазды.
Жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталып, Испания өкілі келесі айналымға жолдама алды.