• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Экология 28 Шілде, 2021

Тарбағатай ұлттық паркі 9 мың гектарға қысқарады

955 рет
көрсетілді

«Республикалық маңызы бар Тарбағатай мемлекеттік табиғи қаумалының (зоологиялық) аумағын азайту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы дайындалды, деп жазады Egemen.kz.

Тарбағатай ГӨЗ шекарасында орналасқан Қызылқайың  кен орнында пайдалы қазбаларды (алтын, мыс, молибден, полиметалл кендері) барлау жұмыстары басталады. 

«Осыған байланысты Тарбағатай ұлттық паркі аумағынан 9 363 га тау-кендік жер телімін шығару қажет, бұл ретте қорықтың ауданы өзгеріп, 230 637 гектарды құрайды», деп жазылған құжатта.

Тарбағатай мемлекеттік табиғи зоологиялық қаумалы - ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Оның басты міндеті - флора мен фаунаның алуан түрлілігі бар табиғи кешендерді, сондай-ақ бірегей табиғи ландшафтарды бастапқы күйінде сақтау.

«Бұл жағдайда табиғатты қорғау мен тау-кен жұмыстарын үйлестіру мүмкін емес», деп түсіндіреді жоба авторлары.

Айта кетейік, құжат 2021 жылдың 10 тамызына дейін талқылауға ашық.