• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 28 Шілде, 2021

Қазақстанда әр екінші адам вакцина алған - ДСМ

271 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау науқанының барысы туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.

«Әрбір екінші ересек қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алды», деді А. Цой.

Министрдің айтуынша, бүгінде 8,6 млн доза вакцина қолданылған. Оның ішінде 5 230 750 адам бірінші компонентін алған.  Бұл зерттелетін халықтың 52,8% құрайды. Екінші компонентті 3 436 617 адам салдырды.

Сонымен бірге, Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы вакцинация орталықтарында екпенің шамамен 713 мың бірінші дозасы және 1,3 миллион екінші дозасы  бар деп қосты.