• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Коронавирус 28 Шілде, 2021

Науқастардың 99,9 пайызы вакцина салдырмағандар - Цой

1283 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте коронавирус жұқтырғандардың 99,9 пайызы вакцинациядан өтпегендер екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгінде 8,6 миллион доза вакцина қолданылды. Бірінші компонент 5 230 750 адамға салынды, бұл - тұрғындардың 52,8 пайызы. Екінші компонент 3 436 617 адамға салынды. Науқастардың 99,9 пайызы вакцина салдырмағандар екенін атап өткім келеді. Бұл иммунизацияның қауіпсіз және тиімді екенінің дәлелі. Бүгінде вакцинация - коронавирустан болатын өлім жағдайының алдын алудың жалғыз жолы. Сондықтан әрбір қазақстандықтан вакцинацияға байланысты саналы шешім қабылдап, өзін және жақындарын қорғауын сұраймын», деді министр ОКҚ брифингінде.

Қазақстанда пандемия басталғалы 549 628 адам вирус жұқтырған. Оның 457 098-і аурудан айықса, 5 619 адам қайтыс болған.