Қытайдың оңтүстік-батысындағы қорықта өрмекшілердің 10 жаңа түрі және бұрын ғылымда кездеспеген өсімдіктердің бір түрі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл жаңалық 2018 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген Фанджигшан тауы аймағында анықталған.
Зерттеушілер сонымен қатар осы аймақта бұрын белгісіз болған 144 тірі тіршілік иелерін тапты. «Осылайша осында тіршілік ететін түрлердің жалпы саны 7152-ден 7307-ге дейін өсті», дейді Синьхуа агенттігі.
Фанджигшан тауы өзінің топографиясы мен биоалуантүрлілігінің арқасында ЮНЕСКО тізіміне енгізілген.