• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 29 Шілде, 2021

Токио Олимпиадасы: Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы тағы жеңілді

153 рет
көрсетілді

Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы Токио Олимпиадасында екінші рет жеңілді, деп хабарлайды Egemen.kz Olymic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ел құрамасы топтық сынның екінші кездесуінде Испания құрамасына қарсы ойнады. Екеуара кездесу 16:4 (3-0, 6-0, 11-2, 11-4) есебімен испаниялықтар еншісіне шешілді. 

Ойын барысында Қазақстан құрамасынан Душан Маркович, Сржан Вуксанович (2) және Михаил Рудайкөзге түсті. 

Енді ұлттық құрама жігіттері 31 шілде күні  Черногрия командасымен кездеседі.