Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев жоғары оқу орындары мен колледждер Ashyq жүйесімен жұмыс істейді, деп хабарлады. Қазіргі кезде жобаны жаңа оқу жылынан бастап енгізу жоспарлануда, деп жазады Egemen.kz.
Жаңа оқу жылынан бастап қазақстандық ЖОО мен колледждер Ashyq қосымшасы бойынша жұмыс істейтін болады.
Бұдан өзге білім беру ұйымдарының қызметі туралы ақпарат әлі мәлім емес. Ал мектеп оқушыларының білімін дәстүрлі форматта жалғастыруы еліміздегі эпидемиологиялық жағдайдың ары қарай қалай өрбитініне байланысты. Дегенмен, Білім министрлігі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған кезеңде оқушылардың мектепте білімін жалғастыруына дайын. Жомарт Қарамбаев атап өткендей, білім алушыларды дәстүрлі не аралас, не қашықтықтан оқыту форматына ауыстыру туралы шешім еліміз аумағында коронавирустық инфекцияны таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия мен бас санитарлық дәрігердің қаулысына байланысты.