• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 29 Шілде, 2021

Велошабандоздар Сан-Себастьянда сайысқа түседі

281 рет
көрсетілді

31 маусымда Испанияда велошабандоздардың «Сан-Себастьян классикасы» деп аталатын біркүндік жарысы өтеді. Оған бірқатар мемлекеттерден келген мықты спортшылар қатысады деп күтілуде, деп жазады Egemen.kz.

Айтулы доданың тұсауы 1981 жылы кесілді. Сол аралықта ең мол олжаға кенелген жергілікті өрендер. Пиреней түбегінің түлектері өз елінде 12 мәрте топ жарса, италиялықтар 8 рет теңдессіз деп танылды. Сондай-ақ, Франция пен Нидерландтың да өкілдерінің де қанжығасы майланды.

Қазақстанның велошабандоздары екі рет жеңіс тұғырына көтерілген екен. 2006 жылы Андрей Кашечкин үшінші орын алса, 2010 жылы Александр Винокуров екінші сатыға жайғасты. Жерлесіміз тек бұл күндері «Астананың» сапында өнер көрсетіп жүрген испаниялық Луис Леон Санчестен ғана қалып қойды.

Ең соңғы жарыс осыдан екі жыл бұрын өтті. Ол бәсекеде бельгиялық Ремко Эвенепул алдына жан салмаса, екінші орынды оның отандасы Грег Ван Авермат иеленді. Үшінші сатыға швейцариялық Марк Хирши табан тіреді.

Биылғы «Сан-Себастьян классикасында» Горка Исагирре, Евгений Федоров, Хавьер Ромо, Юрий Матаров, Луис Леон Санчес, Оскар Родригес, және Никита Стальнов сынды сайыпқырандар «Астана» клубының намысын қорғайды.