• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 29 Шілде, 2021

Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының қола медаліне таласады

210 рет
көрсетілді

Теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының жартылай финалына тізе бүкті, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Олимпиаданың жартылай финалында Рыбакина әлемдік рейтингте 12-ші орында тұрған швейцариялық Белинда Бенчичпен кездескен болатын. 

Тартысты кездесу 2 сағат 44 минутқа созылып, Бенчич 7:6, 4:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті. 

Ендігі кезекте Елена Рыбакина Олимпиаданың қола жүлдесіне таласады. Оның қарсыласы Элина Свитолина (Украина) және Маркета Вандорушова (Чехия) арасындағы матчтан соң анықталады.