• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 29 Шілде, 2021

Жапониядағы нөсер жауын салдарынан 64 мың адам эвакуацияланды

407 рет
көрсетілді

Фукуи префектурасы 15 ауданының 64 мыңнан астам тұрғыны нөсер жауын салдарынан эвакуациялануға мәжбүр, деп хабарлайды Egemen.kz The Mainichi-ге сілтеме жасап.

Жапонияның метеорология агенттігі нөсер жаңбырдың көп түскені туралы қысқа уақыт ішінде ескерту жасады. Мұндай мәлімдеме таңғы сағат 6:10-ға дейін Фукуи қаласының аудандарына шамамен 100 миллиметр жауын-шашын түскеннен кейін жасалды.

Эвакуациялау туралы бұйрық беру – 5 деңгейлі ескерту жүйесінде маңызы бойынша екінші ескерту. Фукуи префектурасында 150 миллиметрге дейін жауын-шашын, Тояма және Исикава префектураларында 100 миллиметрге дейін жауын-шашын болады деп күтілуде.