• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Шілде, 2021

Карантинде жұмыс істеген 25 тойхана бір айға жабылды

404 рет
көрсетілді

Түркістан облысында карантин режимін бұзған 25 тойхананың жұмысы сот шешімімен 1 айға тоқтатылды, деп жазады Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бақтыораз Елемесов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мобильді топтардың жұмысы туралы баяндады. 

Оның айтуынша, аудан-қалалардағы мобильді топтар шектеу шараларына мойынсұнбаған тұлғаларға 3 500-ге жуық хаттама толтырып, 200 млн теңге көлемінде айыппұл салған. Сонымен қатар «Ashyq» қосымшасы арқылы 29 науқас анықталып, оларға карантин талабын бұзғаны үшін әкімшілік шара қолданылған.