• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
Саясат 30 Шілде, 2021

Кеңестің үйлестіру комитетінің отырысы өтті

193 рет
көрсетілді

Ыстанбұлда Түркі кеңесі БАҚ жөніндегі үйлестіру комитетінің отырысы және әлеуметтік желілерде жұмыс істеу бойынша оқыту бағдарламасының бірінші күні өтті.

Аталған іс-шараның 29-30 шілде күндеріндегі бағдар­ламасына Ақпарат және қоғам­дық даму министрлігі мен Қазақ­станның мемлекеттік БАҚ өкілдері  қатысып отыр.

Сондай-ақ іс-шараларға Түр­кі кеңесінің мүшелері – Түр­кия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қыр­­ғыз­станның тиісті институт­тары мен ұйымдарының өкіл­дері және Мажарстанның (бақы­лау­шы-мемлекет) өкілдері қатысуда.

Іс-шара басында қаты­су­шылар алдында Түркия Президенті Әкімшілігінің байланыс басқармасының басшысы Фахреттин Алтун сөз сөйледі.

Тренинг бағдарламасы әлеу­меттік желілерде тәжірибе алмасуға, дезинформацияға қар­сы күресте үздік тәжіри­белерді талқылауға бағытталған.

 

«Егемен-ақпарат»