Шымкенттік полицейлер көлік ішінде тапанша ұстаған екі тұрғынды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ағымдағы жылдың 24 шілдесінде Шымкент ҚПД ЖПҚБ-на қарасты Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері «Қару» жедел-профилактикалық іс-шара барысында рейдттік жұмыстар ұйымдастырды.
Нәтижесінде, RAVON R3 маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында автокөліктен бір қорап оқ-дәрі шықты.
Сол сияқты Lada Granta автокөлігі тоқтатылып, автокөлік ішінен қаруға ұқсас зат бар екендігі анықталған.
Аталған автокөлік иелері Қаратау аудандық Полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.