Елорданың мониторинг тобы өткен тәулікте 8 кәсіпкерлік нысан карантин талаптарын бұзғанын анықтады, деп жазады Egemen.kz қала әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Есіл ауданында «Chechil Pub» барында, «Чир-Chic», «Veranda» мейрамханаларында жұмыс тәртібі сақталмаған. Сондай-ақ, «Аlanya» караоке-мейрамханасы есігін жауып жұмыс істеген.
Сарыарқа ауданында шектеу шараларын бұзған «K-RIMA» дәмді палау орталығы, «Пей здесь» лаундж-бары анықталды.
Алматы ауданында орналасқан «Еда мира» кафесі, «Пар house», «Parilkino» сауналары белгіленген уақыттан кейін келушілерді қабылдаған.
Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.