• RUB:
    5.02
  • USD:
    487.24
  • EUR:
    529.34
Басты сайтқа өту
Өнер 30 Шілде, 2021

Қазақстандық кинотуынды Франция елінде кең прокатқа шықты

558 рет
көрсетілді

Режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовтың «Барымташылар. Уақыт жолдары» фильмі Францияның 20 қаласында көрсетіледі. Еліміздің үлкен экрандарына бұл фильм қыркүйек айында шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Барымташылар. Уақыт жолдары» киносы 29 шілдеде Франция елінде кең айналымға шығып, 20-дан астам қалада көрсетілетін болады. Бұл туралы «Қазақфильм» студиясының баспасөз қызметі Instagram-дағы парақшада хабарлады.

«Жапон режиссерімен бірлесіп жасалған біздің фильміміз әлемдік кинематографтың отанында көрсетілетін болады. Бұл менің өмірімде алғаш рет болып отыр. Сондықтан, бұл мен үшін өте қызықты және қуанышты сәт», деді картина режиссерлерінің бірі Ерлан Нұрмұхамбетов.

Фильмнің екінші режиссері - жапондық Лиза Такабэ. Басты рөлдерді Самал Еслямова, Адия Мусина, Мираи Морияма сомдады.

Қазақстанда аталмыш кинотуынды ағымдағы жылдың қыркүйек айында еліміздің барлық ашық кинотеатрларында көрсетіледі.