• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 30 Шілде, 2021

2018 жылы жабылған «Астана банкінің» салымшыларына өтем төлеу мерзімі ұзартылды

166 рет
көрсетілді

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры агент банкпен «Астана Банкі» АҚ салымшыларына кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімін 2022 жылғы 1 мамырға дейін ұзарту туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz NewTimes.kz сайтына сілтеме жасап.

2022 жылдың 1 мамырынан кейін «Астана Банкі» АҚ салымшылары бұрынғыдай тікелей ҚДКБҚ төлеуге өтініш бере алмайтын болады. Заңнамалық өзгерістерге сәйкес, талап етілмеген сома депозитордың жеке зейнетақы шотына аударылады.

Қордың барлық салымшылар алдындағы төлемнің қалдығы шамамен 401,9 миллион теңгені құрайды. Осыған байланысты, Қор кепілдік берілген өтемді алуға өтініш білдірмеген барлық салымшылар үшін агент банк арқылы төлем мерзімін 2022 жылғы 1 мамырға дейін ұзартты.

«205 мыңнан астам салымшы төлем алуға әлі өтініш берген жоқ. 165 786 салымшының 1 мың теңгеден аз ақша қалдығы болса, 30 015 салымшының 1 мыңнан 5 мың теңгеге дейін, 4 766 салымшының 5 мыңнан 10 мың теңгеге дейін қалғаны бар», делінген қордың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Кепілдік мөлшері ұлттық валютадағы депозиттер бойынша 10 миллион теңгеден және шетел валютасындағы депозиттер бойынша 5 млн теңгегеден аспайды.