27 шілде күні Шиелі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудан аумағынан 481 түп сора егілген алқапты анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті екі азамат ұсталды. Олар 42 және 40 жастағы облыс тұрғындары болып шықты.
Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.