• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 02 Тамыз, 2021

Қарағанды фармацевтика кешені «Спутник V» вакцинасының 5 млн дозасын жасап шығарды

346 рет
көрсетілді

Қарағанды фармацевтика кешені «Спутник V» вакцинасының 5 млн дозасын шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды фармацевтикалық кешені ел азаматтарын вакциналау үшін «Спутник V» препаратының 5 млн дозасын жеткізу бойынша міндеттемесін уақытында орындады. Сөйтіп коронавирусқа қарсы ресейлік ғылыми-зерттеу орталығының препаратын шығару және жеткізу бойынша жаңа міндеттеме алды.

ҚФК мен СҚ-Фармация арасында азаматтарды вакциналау үшін тағы «Спутник V» екпесінің 2 млн дозасын жеткізу туралы келісім жасалды. Шартты орындау мерзімі - 2021 жылғы тамыз-қыркүйек айлары.

Келісімшарт талаптары бастапқы кезеңдегідей (ҚР 5 млн дозамен қамтамасыз ету) толық көлемде сақталады.